Өзбекстан мен Германияның іскер топтары экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылап жатыр
Өзбекстан Бас консулдығымен және Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасымен бірлесіп ұлттық экономикаға шетелдік инвестицияларды тарту шаралары аясында Германия іскер топтарымен практикалық байланыстар орнатылды.
«Dunyo» басылымының дерегінше, IHK Hanau сауда палатасының басшысы Салих Тасдирекпен, MÜSIAD төрағасы Мухсин Айдын, Planquadrat, Matteco GmbH, Selfus компаниялары басшылығымен келіссөздер жүргізілді.
Кездесулер барысында Германия іскер топтарына Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, шетелдік инвесторлар үшін қолайлылық пен жеңілдіктер жасау, салық және кеден талаптарын либерализациялау, республиканың ғылыми және зияткерлік әлеуеті, шикізат және көп салалы өнеркәсіп базасы, сондай-ақ туризм саласы туралы толық ақпарат ұсынылды, делінген хабарламада.