Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Германия Басқарушы кадрларды дайындайтын мектеп ашты
09:57 / 2024-09-18

Германия Федератив Республикасының Федералдық Канцлері Олаф Шольцтың Өзбекстанға сапары аясында Өзбекстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында екі елдің бірлескен білім беру бағдарламасы – Басқарушы кадрларды даярлау мектебі ашылды.

17 аптаға арналған бұл жобаға сәйкес тыңдаушылар 6 апта бойы жұмыс орнынан бөлек Академияда сабақ алады, 8 апта бойы жұмыс орнында өз бетінше оқиды, 2 апта министрліктер мен мекемелерде, тағы 2 апта аймақтық әкімдіктерде тағылымдамадан өтеді. Аттестация нәтижелеріне сәйкес жоғары көрсеткішке қол жеткізген 20 тыңдаушы 9 күндік оқуды Германияда жалғастырады. Шетелдік сапарға байланысты шығындарды Ханнс Зайдел қоры өтейді.

[gallery-19290]

Алғашқы кезеңде 56 тыңдаушыны қамтитын бағдарламаның оқу жоспарына «Мемлекеттік басқарудың саяси-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық негіздері», «Қалалық құрылыс индустриясы және жасыл кеңістік бағдарламасын іске асыру», «Жергілікті деңгейде сыртқы сауданы қолдау», «Ауыл шаруашылығын жаңғырту және азық-түлік қауіпсіздігі» сияқты тақырыптар енгізілген.

суреттерді түсірген Мухаммад АМИН, ӨзА