Франция Нотариаттарының Жоғарғы Кеңесі мен Өзбекстан Нотариаттық палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Марсел қаласында өткен француз нотариустарының 118-ші съезі қарсаңында Өзбекстан Нотариаттық палатасының төрағасы Дилшод Ашуров Франция Нотариаттарының Жоғарғы Кеңесінің президенті Давид Амбросианомен кездесіп, екі ел ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы алғашқы келісімге қол қойылды.

– Француз нотариаты Өзбекстан нотариустарымен бірлесіп жұмыс істеп жатқаны бізді қуантады. Бұл палата жақында ғана Халықаралық нотариаттық одаққа мүше болып қана қоймай, қысқа мерзімде саланы түбегейлі реформалады. Біздің өзара ынтымақтастығымыз саланы одан әрі дамытуға қызмет етед, - деді Давид Амбросиано.
Меморандумға қол қойылғаннан кейін Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі мен Нотариустар палатасы делегациясының мүшелері Франция Нотариаттарының Жоғарғы Кеңесінің мерейтойлық медальдарымен марапатталды.
ӨзА