Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Франция ядро саласында ынтымақтастықты нығайтады
14:21 / 2025-09-20

Өзбекстанда атом энергетикасын дамыту және халықаралық әріптестікті нығайтуға бағытталған бастамалар жедел қарқын алуда.

Бұл үдерісте «Узатом» агенттігі мен бірқатар мемлекеттердің жетекші компаниялары ынтымақтастық мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Жуырда өткен кездесуде «Узатом» агенттігінің директоры Азим Ахмедхожаев, Францияның Экономика, қаржы, өнеркәсіп және цифрлық егемендік министрлігі жанындағы ядролық мәселелер жөніндегі аймақтық кеңесшісі Александр Горбачёв және Францияның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Уалид Фук өзара әріптестікті дамыту жайын талқылады. 

Кездесу барысында тараптар Франция компанияларымен ынтымақтастықты кеңейту, агенттік жобаларын жүзеге асыру тетіктері және Өзбекстанда атом энергетикасын дамытудың болашағына баса назар аударды. 

Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өзбекстан мен Франция арасындағы атом энергетикасы саласындағы серіктестік қарқынды дамып келеді. Соның айғағы ретінде 2025 жылдың маусым айында «Узатом» мен Францияның «Assystem» компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған.

 Оның аясында бірлескен кәсіпорын құру жоспарланып, аталған кәсіпорынның қызметі АЭС құрылысы жобасына және Өзбекстанның азаматтық ядролық бағдарламасын дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауға негізделген. 

Айта кету керек, Өзбекстан мен Франция арасындағы бұл әріптестік ядролық энергетика саласындағы қадамдарды одан әрі нығайтып, елдің халықаралық беделін арттыруға, заманауи технологияларды игеруге зор ықпал етуде. Сонымен бірге, мұндай жобалар болашақта Орталық Азиядағы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын болады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, Өзбекстанның энергетикалық әлеуетін арттыруға қызмет етпек.