Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Франция Сенаттары стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті
14:39 / 2025-11-26

Өзбекстан Республикасының Олий Мажлис Сенаты мен Франция Республикасының Парламент Сенаты арасындағы парламенттік ынтымақтастық жөніндегі топтардың онлайн кездесуі өтті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту, өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Отырыста Өзбекстан мен Франция арасындағы әріптестік стратегиялық серіктестік дәрежесіне көтерілгені атап өтіліп, бұл мәртебе соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан жоғары деңгейдегі сапарлар мен ірі бірлескен жобалардың нәтижесі екені айтылды.

Тараптар экономика, сауда, инновация, инфрақұрылым сияқты салалардағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты. Мәдени-гуманитарлық байланыстар да талқылаудың маңызды бөлігі болды. Әсіресе мәдени мұра нысандарын реставрациялау бағытындағы ортақ бастамалар және білім беру саласындағы серіктестікті тереңдету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өзбекстанда француз тілін үйренуге деген қызығушылықтың артып келе жатқаны, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықтың қарқын ала түскені де аталып өтті.

Тараптар туристік байланыстарды жандандыру, бірлескен туризм форумдары мен мәдени іс-шаралар өткізу туралы ұсыныстарды қолдап, бұл бағыттың елдер арасындағы өзара түсіністікті арттыруда маңызды рөл атқаратынын білдірді.

Кездесу соңында парламенттік ынтымақтастық топтарының жұмысын жүйелі жүргізу, жылына кемінде бір рет бірлескен жиын өткізіп отыру және келесі кездесуді Өзбекстанда ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл келісім екі ел арасындағы парламентаралық диалогтың тұрақты әрі мазмұнды дамуына жаңа серпін бермек. Осылайша, Өзбекстан мен Франция арасындағы парламенттік байланыстар стратегиялық серіктестік пен сенімді диалогтың кепіліне айналады.