Өзбекстан мен Франция Ауғанстандағы қазіргі жағдайды талқылады
Өзбекстан Президентінің арнайы өкілі мен Франция елшісі Ауғанстандағы жағдай мен екіжақты қарым-қатынастардың болашағын талқылады.
СІМ мәліметінше, Өзбекстан Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашев Франция елшісі Аурелия Бушезбен кездесті.
«Сұхбат барысында Ауғанстан бағытындағы Өзбекстан-Франция қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен келешегі және Ауғанстандағы қазіргі жағдай талқыланды.
Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Ауғанстан мәселесін шешудегі ынтымақтастықты жалғастыруға ерекше назар аударылды», делінген хабарламада.
Ведомство дерегінше, Орелия Бушез Өзбекстанның Ауғанстанда ұзақ мерзімді бейбітшілік орнату мен экономиканы қалпына келтірудегі, сондай-ақ елді аймақтық интеграциялық үдерістерге тартудағы маңызды рөлін атап өткен.