Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен ЭЫҰ арасындағы ынтымақтастық
11:30 / 2023-11-07

8-9 қараша күндері Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) он алтыншы саммиті өтеді. Осыған орай, оқырмандарға Өзбекстанның осы ұйым аясындағы қызметінің негізгі кезеңдері туралы айта кетуді жөн санадық.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) 1985 жылы Тегеран қаласында құрылған аймақтық мемлекетаралық ұйым. Өзбекстан ЭЫҰ мүшелігіне 1992 жылы 28 қарашада қабылданды.

Өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты және көлік-коммуникация саласындағы өңірлік өзара іс-қимылды дамыту үшін осы халықаралық құрылымның мақсаты мен міндеттері республиканың мүдделеріне сәйкес келеді.

Өзбекстан тұрақты түрде ЭЫҰ шараларына қатысып келеді. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 2021 жыл 28 қарашада Ашхабадта өткен 15-ші саммитке қатысты.

Ұйым мен оған мүше елдер Өзбекстанмен қарым-қатынасты жоғары бағалайды және аймақтағы маңызды ел ретінде қабылдайды. Басшылық Ташкент үшін ең жоғары басымдық болып табылатын салаларда өзбек тарапымен ынтымақтастыққа қызығушылық танытып келген.

Сонымен қатар, ЭЫҰ мемлекеттері Өзбекстанның ірі сауда серіктестері болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша жалпы тауар айналымы 12,3 млрд долларды құрады (экспорт – 5,7, импорт – 6,5).

2021 жылы бұл көрсеткіш 11,1 млрд долларды құраған (экспорт – 5,4, импорт – 5,7), бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге жоғары.

Мүше елдердің инвесторларының қатысуымен 4400-ге жуық бірлескен және шетелдік кәсіпорындар құрылды. 2018 жылдың мамыр айынан бастап қарым-қатынастың ерекше қарқыны байқалды. Осыған байланысты 2018 жылғы 16-17 сәуірде Душанбеде өткен Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 23-ші отырысында Өзбекстанның Ұйым бюджетіне қарызын толықтай есептен шығару туралы шешім қабылданып, 4 млн 654 мың доллар (сома Өзбекстан Республикасы 1992 жылы ЭЫҰ-ға кірген кезден бастап төлемеу есебінен қалыптасты) және Өзбекстан жарналар шкаласы бойынша қолданыстағы базалық мөлшерлеме 8,98%-дан 4%-ға дейін төмендетілді. (169 мың доллар). Бұл шешім Сыртқы істер министрлері кеңесінің қорытынды құжатында көрсетілген.

Бұл жағдай өзара іс-қимылды күшейту үдерісіне жаңа серпін берді. Осылайша, 2018 жылдан бастап (пандемия кезеңін қоспағанда) ЭЫҰ Бас хатшылары Халил Ибрахим Акча, Хади Сүлейманпур, Хосрав Нозири және Бас хатшының орынбасары Х.Бичакли Өзбекстанға тұрақты сапармен келіп тұарды.