2022 жылдың 6 шілдесінде Брюссельде Өзбекстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.
Жаңа келісім Өзбекстан мен Еуроодақ арасында 1996 жылы қол қойылған қазіргі серіктестік және ынтымақтастық келісімінің орнына әзірленді және екіжақты ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығарады деп жоспарланған.
Қолданыстағы Келісім негізінен саяси диалог, демократия, адам құқықтары саласындағы ынтымақтастық, мәдени қарым-қатынастарды ілгерілету, қаржылық және техникалық ынтымақтастық, инвестициялар, тауарлар мен қызметтер саудасы, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау туралы ережелерді қамтиды.
Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім мәселелердің кең ауқымын қамтиды. Олардың қатарында кедендік әкімшілендіру, техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, бәсекелестік және мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік сатып алулар, туындаған келіспеушілікті шешу мен басқа да салалардағы сауда және онымен байланысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілер бар. Сонымен қатар, жаңа Келісім Дүниежүзілік сауда ұйымының негізгі ережелерін енгізу нәтижесінде инвестициялық серіктестік, тауарлар, қызмет көрсету және зияткерлік меншік салаларындағы қарым-қатынастар аясын айтарлықтай кеңейтті.
Сондай-ақ, бұл келісім сыртқы саясат, қауіпсіздік, жанжалдардың алдын алу және тәуекелдерді басқару, жеке деректерді қорғау, баспана беру және шекараны басқару, заңсыз көші-қон, ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлықпен күрес, терроризмге қарсы күрес сияқты жаңа бағыттарды қамтиды.
Айта кету керек, жаңа келісім енді келісім Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасында сауда-экономикалық қарым-қатынастар саласында басқа салалармен қатар кең ауқымды ынтымақтастықтың толыққанды механизмін жасайды.
Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім жобасы бойынша келіссөздер 2019 жылдың ақпанында басталып, 2022 жылдың маусым айының соңында аяқталды. Осы кезеңде сарапшылар, бас келіссөздер жүргізушілер және үкімет мүшелері деңгейінде келіссөздердің 10 раунды және 150-ден астам кездесулер өтті.