Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Еуропалық Одақтың Өзбекстандағы елшісі Тойво Клаармен кездесті.
Кездесу барысында Өзбекстан мен Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы стратегиялық қарым-қатынастардың жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді.

Еуропалық Одақтың GSP+ жүйесі аясында сауда, экономика, білім беру, медицина және инновация салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Өзбекстанда адам құқықтарын қорғау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және азаматтық институттардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше мән беріліп, бұл тұрғыда дамыған елдердің тәжірибесін зерттеу мәселелері бойынша пікір алмасылды.
Сонымен қатар, ЕО-ға мүше мемлекеттермен парламентаралық қарым-қатынасты нығайту, заң шығару қызметі мен парламенттік бақылауды жетілдіру бойынша ынтымақтастық бағдарламаларын жолға қою жөнінде келісімге қол жеткізілді.