Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатында Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдвардс Стипрайспен ресми кездесу өтті. Сенат Төрайымы Танзила Нарбаева мен ЕО өкілі арасындағы бұл кездесуде Өзбекстан мен Еуропа парламенттері арасындағы ынтымақтастықты жаңа, сапалы деңгейге көтеру мәселелері талқыланды.
Тараптар өңірлік және жаһандық маңызы бар тақырыптар бойынша пікір алмасып, ақпарат пен тәжірибе бөлісу ісін одан әрі жалғастырудың маңызын атап өтті. Әңгіме барысында Самарқандта өткен «Орталық Азия – Еуропалық Одақ» алғашқы саммитінің екі аймақ арасындағы сенімді әрі тұрақты диалогты нығайтатын іргетас ретіндегі рөлі ерекше аталды.

Сонымен қатар, Ташкентте сәуір айында өткен Парламентаралық одақтың 150 жылдығына арналған мерейтойлық Ассамблеяға Еуропа елдері парламенттік делегацияларының белсенді қатысқаны және Ассамблея аясында қабылданған құжаттардың ЕО тарапынан қолдау тапқаны жоғары бағаланды.
Кездесу қорытындысында тараптар саяси диалогты жүйелі түрде жалғастыруға, заң шығару саласындағы озық тәжірибемен алмасуға және парламентаралық байланыстарды тереңдетуге бағытталған бірлескен әрекеттерді жандандыруға ниетті екендерін жеткізді.