Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Эстония Парламентаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне өтуде
12:38 / 2022-04-18

Өзбекстан Олий Мажлисі палаталарының бірлескен қаулысымен Өзбекстан тарихында тұңғыш рет Эстония Ригикогусімен (парламент) ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық топ құрылды.

2021 жылдың сәуір айында Эстония Парламентінде Өзбекстан Парламентімен ынтымақтастық тобы құрылған еді.

Dunyo ақпараттық агенттігінің хабарынша, қазіргі уақытта екі елдің депутаттық топтары арасындағы алғашқы келіссөздерді өткізу мәселесі қарастырылуда.

Осыған орай Парламент Сенатының Арал өңірі бойынша даму және экология комитетінің төрағасы Борий Алиханов 16 депутаттан тұратын парламентаралық топтың жетекшісі болып тағайындалды.

Өзбекстанның Латвиядағы елшілігінің хабарлауынша, бұл ынтымақтастық институтын енгізу парламентаралық байланыстарды кеңейтуге, саяси диалог деңгейін арттыруға, сауда-экономикалық, инвестициялық және технологиялық, ғылыми, академиялық, білім беру және мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

Парламентаралық ынтымақтастық халықаралық ұйымдар мен өңірлік құрылымдар аясындағы көпжақты күш-жігерді парламентаралық үйлестіру қызметін де атқарады.