Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен EҚДБ ынтымақтастық қарым-қатынастарын одан әрі кеңейтеді
11:35 / 2023-09-15

Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Экономика және қаржы министрі Жамшид Кучкаров Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитай бастаған делегация өкілдерімен кездесу өткізді.

Министрлік хабарлауынша, тараптар бірлескен жобалардың нәтижелері мен алдағы жоспарларды талқылады. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік банктерді трансформациялау және жекешелендіру, «Global Metan Pledge» халықаралық «жасыл» трансформация бастамасы аясындағы ынтымақтастық, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту стратегиясы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары, капитал нарығын дамыту да талқыланды.

«Сұхбат барысында республикадағы әлеуметтік-экономикалық салаларында жүзеге асырылып жатқан реформаларға, оның ішінде су ресурстарын пайдалану мен энергетика саласын дамытуға ерекше назар аударылды», делінген хабарламада.

Ведомство дерегінше, кездесу соңында жоғарыда аталған бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және нығайту келісілген.