Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен ЕО арасындағы жаңа келісім бойынша келіссөздердің жетінші раунды басталды
16:20 / 2021-02-09

Өзбекстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда мәселелері бойынша жұмыс топтары шеңберінде кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім (EPA) бойынша келіссөздердің жетінші раунды басталды.

«Dunyo» ақпарат агенттігінің мәліметінше, 8 ақпанда басталған бейне байланыс форматындағы келіссөздер 12 ақпанға дейін жалғасады. Онда Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Обидов пен Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс, Түркия, Ресей және Орталық Азия елдерімен сауда жөніндегі Еуропалық комиссияның бас директоры Тимо Хаммарен басшылық етуде.

Бұдан бөлек келіссөздерге республиканың түрлі министрліктері мен ведомстволарының, сондай-ақ ЕО ұйымдарының өкілдері қатысады. Жиын барысында тараптар сауда мәселелері бойынша келісім жобасының бөлімдерін талқылауы жоспарланған.

Еске салар болсақ, келіссөздердің алтыншы раунды 2020 жылдың 14-18 қыркүйек күндері онлайнды түрде өткен еді.