Өзбекстан мен Бурунди арасында дипломатиялық байланыс орнатылды
Өзбекстан мен Бурунди арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды.
Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов өзінің Telegram каналында хабарлады.
Мәліметке сәйкес, Бурунди Өзбекстанмен дипломатиялық байланыс орнатқан 152-мемлекет болды.
Бахтиёр Саидов пен Бурунди сыртқы істер және даму ынтымақтастығы министрі Альберт Шингиро БҰҰ-ның бас кеңсесінде тиісті бірлескен коммюникеге қол қойды.
«Бұл құжат елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастық әлеуетін жүзеге асыруда негіз болады», – деп жазған СІМ басшысы.
Бұған дейін Өзбекстан Кабо-Верде және Сейшел аралдарымен дипломатиялық байланыстар орнатқан еді.