Өзбекстан мен Беларусь Республикасы Президенттері телефон арқылы сөйлесті
Президенттер қазіргі әлемдік пандемияғада тоқталып, екі елдегі осы жағдайға байланысты ахуалды талқылады
Бүгін, 8 мамырда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Беларусь Республикасы Президенті Александр Лукашенко телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Мемлекет басшылары бір-бірін алдағы қуанышты мереке - Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойлы күнімен құттықтап, екі елдің халықтары осынау Ұлы Жеңіске қол жеткізуде өлшеусіз қосқан үлесі атап өтілді.
Сұхбат шағында Өзбекстан мен Беларусь арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағы жайлыс сөз айтылып, соңғы жылдары екіжақты сауда байланыстары қарқынды дамып келе жатқандығы, экономиканың түрлі салаларында өнеркәсіптік ынтымақтастықтың кеңеюі, өңірлер мен іскер топтар арасындағы диалог, сондай-ақ мәдени, гуманитарлық және білім алмасу жандана түскені қанағаттанушылықпен атап өтілді.
Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және серіктестіктің жаңа бағыттарын ілгерілету мақсатында Біріккен үкіметаралық комиссияның отырыстарын, оның ішінде бейнеконференциялар түрінде де жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Президенттер қазіргі әлемдік пандемияғада тоқталып, екі елдегі осы жағдайға байланысты ахуалды талқылады және тиісті органдарға коронавирустың таралуына қарсы күресте тығыз байланыс пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ, тараптар халықаралық және аймақтық маңызы бар бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберіндегі көпжақты бірлескен іс-шаралар мен бағдарламаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударды.