Өзбекстан мен Беларусь Президенттері телефон арқылы сөйлесті
Сұхбат басында Мемлекет басшысы Александр Лукашенконы президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтап, оған Беларуссияның тұрақты дамуы мен гүлденуін қамтамасыз етуде жаңа жеңістер тіледі
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 10 тамыз күні Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат басында Мемлекет басшысы Александр Лукашенконы президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтап, оған Беларуссияның тұрақты дамуы мен гүлденуін қамтамасыз етуде жаңа жеңістер тіледі.
Екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және аймақтық ұйымдар шеңберіндегі дәстүрлі тығыз ынтымақтастық мәселелері талқыланып, соңғы жылдары Өзбекстан мен Беларусь арасындағы көпжақты қатынастар, әсіресе сауда-экономикалық салада қарқынды дамып келе жатқандығы сөз болды.
Жоғары деңгейдегі келісімдерді уақтылы орындау, екі елдің жетекші кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастық үшін перспективалық жобаларды ілгерілету және мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламаларын кеңейту мақсатында диалогты, оның ішінде Бірлескен үкіметаралық комиссияны жандандыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.