Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёевтің 4 мамырда Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесуінде бірлескен ынтымақтастық жобаларын жеделдету және сауда қатынастарының серпінін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сұхбат басында Беларусь Президенті биылғы 30 сәуірде өткен Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумның сәтті өтуімен шын жүректен құттықтады.
Президенттер Өзбекстан-Беларусь ынтымақтастығы тұрақты дамып келе жатқанын қуанышпен атап өтті.
Дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуы аясында бірқатар екіжақты іс-шаралар өткізілуде. Өзара сауда көлемі мен бірлескен кәсіпорындардың саны артып келеді.
Қабылданған «Жол картасы» негізінде машина жасау, фармацевтика, ауыл шаруашылығы, электротехника және басқа да салалардағы өнеркәсіптік кооперация бойынша бірлескен жобаларды уақытылы жүзеге асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оларды жеделдету үшін Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізу және белсенді өңіраралық алмасуларды жалғастыру маңызды екені баса айтылды.