Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Беларусь Президенттері «Хумо Арена» кешенінде хоккей ойынын тамашалады
21:24 / 2024-02-07

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Өзбекстанға ресми сапары аясында Ташкент қаласындағы «Хумо Арена» мұз сарайына келді.

Спорт кешенінде Беларусь басшысын Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.

Мұз сарайындағы бұл кездесудің символдық мәні бар. Александр Лукашенко хоккей жанкүйері, ол Беларусьте бұл спорттың дамуына ерекше көңіл бөлді, өзі мұз айдынына бірнеше рет ойнаған.

Өзбекстанда қысқы спорт түрлерін, оның ішінде хоккейді дамыту бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда. 2019 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен көпсалалы «Хумо Арена» мұз сарайы салынды. Ташкенттің «Хумо» командасы халықаралық және аймақтық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүр, атап айтқанда, Беларусь Республикасының Гродно қаласының «Неман» клубымен бақ сынауда.

Кездесу барысында Президенттер Ташкенттің «Хумо» мен Астананың «Номад» хоккей командалары арасындағы кездесуді тамашалады. Ойын соңында құрметті қонақтарға аты-жөні жазылған хоккей киімдері табыс етілді.

Сапардың негізгі шаралары ертең, 8 ақпанға жоспарланған.