Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Беларусь арасында сауда-экономикалық байланыстар кеңейуде
13:34 / 2022-08-25

Өзбекстан мен Беларусь Республикасы арасындағы ынтымақтастық жан-жақты дамып, сауда-экономикалық байланыстар күн санап кеңейіп келеді.

Үкіметтік делегацияның сапары аясында Минскіде Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Джамшид Ходжаевтың Беларусь Премьер-министрінің орынбасары Леонид Зайцпен кездесуі өтті.

Онда, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы талқыланып, Өзбекстан мен Беларусь екіжақты ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссияның алдағы 9-шы отырысы аясында ірі келісімдерге қол жеткізуге өзара мүдделілік танытты.

Жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын кеңейту және сауда көлемін ұлғайту мақсатында тараптар бірлескен «Жол картасына» қол қою және екі ел аумағында сауда-логистикалық орталықтар, сауда үйлерін және олардың жанынан тұрақты жұмыс істейтін «сауда залдарын» құру бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы келісілді.

Өзбекстанда Беларусь компанияларына фармацевтикалық өнімдер өндірісін іске қосу, Беларусь тракторларын, коммерциялық, жол-құрылыс және ауылшаруашылық машиналарын өндіруді локализациялау бойынша жобаларды жүзеге асыруға көмектесуге дайын екендігі айтылды.

Тараптар дайын ауылшаруашылық өнімдерін үшінші елдер нарығына экспорттау үшін бірлескен шаруа қожалықтарын құру «Агроэкспресс» жобасы негізінде Беларусь нарығына өзбек жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін тікелей жеткізу үшін мәселелеріне назар аударды.