Өзбекстан сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Манамаға ресми сапары аясында Бахрейннің сыртқы істер министрі Абдуллатиф бин Рашид әл-Заянимен кездесті.
«Бахрейн Патшалығының сыртқы істер министрі Абдуллатиф бин Рашид әл-Заяни мырза және оның командасымен өте жылы әрі мазмұнды кездесу өткіздік, – деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің telegram-арнасында.
«Келіссөздеріміз барысында Өзбекстан мен Бахрейн арасындағы әріптестікті одан әрі нығайту – саяси диалогты кеңейтуден бастап, сауда, инвестициялар және институционалдық тәжірибе алмасуды арттыруға дейінгі мәселелер бойынша пікір алмастық. Аймақтық және жаһандық ынтымақтастықтың ең өзекті тақырыптарын талқыладық. Орталық Азия мен Парсы шығанағы елдері арасындағы көпірлерді нығайтуға ерекше назар аудардық. Сондай-ақ дипломатиялық паспорт иелері үшін визаларды жою туралы Келісімге қол қойдық», делінген хабарламада.
СІМ басшысы өз жасбасында, арадағы ынтымақтастық негізінде жатқан достық пен өзара құрмет рухын жоғары бағалайтынын жеткізген.
«Бүгінгі пікірталастарымызға сүйене отырып, ортақ идеяларымызды екі мемлекетіміздің мүддесіне қызмет ететін нақты бастамаларға айналдыруды асыға күтеміз», деген СІМ басшысы.