Өзбекстан мен Бангладеш арасында әуе рейстері ашылады
Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласында ICAO-ның «ICAN-2023» шарасы өтті. Шара аясында Өзбекстан мен Бангладештің авиациялық әкімшіліктері арасында кездесу ұйымдастырылды.
Көлік министрлігінің хабарлауынша, кездесуде екі ел арасындағы әуе қатынасы туралы келісімнің соңғы мәтіні келісілді. Оған сәйкес, Өзбекстаннан Бангладешке ұшу кезінде Бангладештің әрбір жолаушы, жүк және багаж үшін жинайтын «роялти» алымы жойылады деп көрсетілген.
Айта кетейік, 1998 жылдан бері «Uzbekistan airways» авиакомпаниясы Ташкент пен Дакка арасындағы рейстерді орындап келеді, бірақ 2007 жылға қарай бұл рейстер уақытша тоқтатылған еді.