Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен БАӘ басшылары телефон арқылы сөйлесті
20:10 / 2024-03-11

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 11 наурыз күні Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшысы Президент Шейх Мұхаммед Әл Нахайянды туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақыт, қызметінде зор табыс, ал достас Әмірліктер халқына бейбітшілік пен гүлдену тіледі.

Екі ел басшылары да бір-бірін күллі мұсылман әлемі үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтады.

Өзбекстан мен БАӘ арасындағы көп қырлы ынтымақтастық бүгінде жоғары деңгейге көтерілгені атап өтілді.

2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 20 пайызға артты. Өзбекстанда Әмірліктердің инвестициясымен 300-ден астам кәсіпорын жұмыс істеуде, бірлескен жобалар портфелі 4 миллиард доллардан асты. Сонымен қатар, жоғары технологиялар, энергетика, геология, ауыл шаруашылығы, туризм, IT, инфрақұрылым, логистика және басқа да салаларда перспективалық жобалар әзірленуде.

Тараптар барлық бағыттар бойынша практикалық ынтымақтастықты жандандыруға дайын екендіктерін растады. Болашақ жоғары деңгейдегі кездесулердің күн тәртібін мұқият дайындаудың маңыздылығы атап өтілді.