Өзбекстан мен БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына бағытталған әріптестікті жалғастырады
Ташкентте өтіп жатқан Парламентаралық одақтың 150-жылдығына арналған Ассамблея аясында Өзбекстан Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Еуропа және ТМД бойынша өңірлік директоры Ивана Живковичпен кездесті.
Кездесу барысында Өзбекстан Республикасының БҰҰ және оның мамандандырылған мекемелері, соның ішінде Даму бағдарламасымен өзара ынтымақтастығының өзекті мәселелері мен оны одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.
Тараптар тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу, кедейлікті азайту, демократиялық мемлекеттік басқаруды нығайту, қоршаған ортаны қорғау, нарықтық экономиканы жетілдіру, инклюзивті саясатты дамыту және ауылдық өңірлерді өркендету сынды маңызды бағыттарға ерекше назар аударды.
БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайы бойынша да пікір алмасылды.