Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен БҰҰ-ның ғарыш агенттігі өзара қарым-қатынасты нығайтуда
17:00 / 2023-12-13

Өзбекстанның Австриядағы Елшісі Бахтиёр Ибрагимов Біріккен Ұлттар Ұйымының Ғарыш істері жөніндегі басқармасының (UNOOSA) директоры Арти Холл-Майнмен кездесті.

«Dunyo» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, кездесу барысында UNOOSA-ның ғарышты зерттеу саласындағы түрлі бағдарламалары мен бастамалары және ғаламдық мәселелерді шешудегі ғарыштық технологиялардың рөлі туралы пікір алмасылды.

Тараптар UNOOSA мен Өзбекстанның Цифрлық технологиялар министрлігіне қарасты «Узбеккосмос» агенттігі арасындағы қарым-қатынастарды нығайту, ауыл шаруашылығы, ормандарды кесу әрекеттерінің алдын алу және заңсыз тау-кен өнімдерін қазып алуға қарсы күрес сияқты салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі әлеуетін талқылаған.

Кездесуде сондай-ақ Арал теңізінің құрғауымен байланысты мәселелер, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру, қоршаған ортаны мониторингтеу, су ресурстарын талдау және шөлейттенуге қарсы күрес сияқты экологиялық мәселелерді шешуде ғарыштық технологияларды пайдаланудағы ынтымақтастық перспективалары сөз болған.