Өзбекстан мен Азия даму банкі арасында 500 миллион доллар көлемінде несиелік келісімге қол қойылды
Самарқанд қаласында өтіп жатқан Өзбекстанның II халықаралық экономикалық форумында бюджеттік қолдау жобасы аясында Қаржы министрлігі мен Азия даму банкі (АДБ) арасында 500 миллион доллар көлемінде несиелік келісімге қол қойылды.
Сондай-ақ, Қаржы министрлігі мен АДБ Арал теңізі бассейнінің секторындағы климатқа бейімделген су ресурстарын басқару жобасына 3,3 миллион доллар (грант) көлемінде несиелік келісімге қол жеткізді.
Бұдан бөлек, АДБ мен Қаржы министрлігі, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі және Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту агенттігі кеңестік қолдау көрсетумен Бұхараның жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту жобасы аясында бастапқы құны 100 миллион доллар болатын ынтымақтастық туралы келісім жасалды.
Сонымен қатар, Қаржы министрлігі мен Халықаралық ислам сауда-қаржы корпорациясы (ITFC) бюджеттік қолдау жобасы аясында 100 миллион доллар көлемінде несиелік келісімге қол жеткізді.