Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстанның әскерлері тауда бірлескен жаттығулар өткізді
17:51 / 2019-11-19

Оқу-жаттығулар соңында қазақстандық әскери қызметшілер Самарқандтың тарихи орындарына экскурсия жасады


Жыззақ облысындағы Қорғаныс министрлігі жанындағы «Фариш» таулы аймағындағы полигонында бес күн бойына Өзбекстан және Қазақстан әскери күштері әскери-тактикалық жаттығулары ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу кездесуінің бірінші күнінде Қорғаныс министрлігі таулы жаттығулар бөлімінің бастығы майор Закир Яллакаев оқу-жаттығу бағдарламасын және жаңа техниканы қолдану ережелерімен таныстырды.

photo_2019-11-18_16-44-11.jpg

Келесі күнгі жаттығулар барысында Фориш тауларының тік жартастары мен қалыпты жағдайға өту қиын болған жерлерде практикалық және тактикалық жаттығулар өткізілген болса, одан кейінгі күндері өзбекстандық әскерлер, қазақстандық әріптестерімен бірге тауда құтқару жұмыстары, жауынгерлік қарумен тауға көтерілу және түсу, түнгі жағдайда нысанаға оқ ату, қарсыластың шартты тобын қоршау және жою сияқты түрлі тапсырмаларды орындады.

photo_2019-11-18_16-44-12.jpg

Оқу-жаттығудың соңында қазақстандық әскери қызметшілер Самарқандтың тарихи орындарына экскурсия жасалып, қонақтар Регистан алаңында, Әмір Темір кесенесінде, Бибиханим мен Хожа Даниер кешендерін зиярат етті.