Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
22:58 / 2019-12-30

Мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтады


30 желтоқсанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтады.

Биылғы жыл бауырлас ел Қазақстан мен тату көршілік, стратегиялық серіктестік пен көпжақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды кезең болғандығы ерекше айтылып, бұған негіз болған Қазақстан Президентінің Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының жемісті нәтижелері ықпал еткені жайлы айтылды.

Түрлі деңгейлердегі екіжақты қатынастардың жандана түскені, парламентаралық және өңіраралық қарым-қатнастар дамуы мен сауда көлемі сәтті жүзеге асырылып жатқандығы, машина жасау, көлік және логистика саласындағы бірлескен жобалар, сонымен бірге Өзбекстандағы «Қазақстан жылы» аясында мәдени-гуманитарлық байланыстар артқаны айтылды.

Сұхбат барысында тараптар аймақтық және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.