Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
14:26 / 2020-03-18

Президенттер коронавирусқа қатысты мәселені талқылады


18 наурызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбатта қазіргі уақыттағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты екі елде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша қабылданған кең ауқымды шаралар талқыланып, осы індетпен тиімді күресу кезінде оның ықтимал зардаптарын азайту үшін тығыз ынтымақтастықты жақыннан жалғастырудың маңыздылығы айтылды.

Сонымен қатар Президенттер екіжақты ынтымақтастықты және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер мен жоғары деңгейдегі келісімдерді уақтылы орындау маңыздылығы жайлы сөйлесті. Сұхбат соңында Мемлекет басшылары жақындасып келе жатқан жаңару мен жасару айы көктем мейрамы – Наурыз мерекесімен бір-бірлерін құттықтады.

Президенттер бауырлас Өзбекстан мен Қазақстан халықтарына бейбітшілік пен өркендеу тілеп жаңа қауіп-қатерлерге жылдам қарсы тұру үшін бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екендіктерін растады.

Өзбекстан Республикасы Президентіның баспасөз қызметі хабары.