Өзбекстанның Австриядағы елшісі Абат Файзуллаев Вена Дипломатия академиясының (VDA) директоры, Австрияның Ресейдегі бұрынғы елшісі Эмиль Брикспен кездесті.
Кездесуде Вена академиясы мен Өзбекстандағы Әлемдік экономика және дипломатия университеті арасындағы өзара ынтымақтастық бағыттары талқыланды.
Сондай-ақ, Вена Дипломатия академиясының қызметкерлерін Әлемдік экономика және дипломатия университетінің оқу үдерістеріне тарту, ЖОО оқытушылары мен профессорларының біліктілігін арттыру мақсатында шетелдік сарапшылардың қатысуымен шеберлік сабақтарын ұйымдастыру қарастырылды.
1754 жылы негізі қаланған Вена Дипломатия академиясы әлемдегі ең көне дипломатиялық мектеп болып табылады. Студенттік білім берудің негізгі бағыттары – халықаралық қатынастар, саясаттану, әлемдік экономика, тарих, сонымен қатар халықаралық құқық және Еуропалық одақ құқығы. Академияның түлектері Австрияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігіне іріктеусіз қабылданады.