Өзбекстан мен Ауғанстан СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Ауғанстанның Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Мавлави Амирхан Муттақимен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында СІМ басшылары елдер арасындағы екіжақты күн тәртібі мен өңірлік үдерістер жөнінде пікір алмасқан.
«Ынтымақтастық байланыстарын нығайту және өңірде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған өзара адалдығымызды тағы да растадық.
Сондай-ақ, диалог пен дипломатияның бар қиындықтарға шешім табудың және өзара түсіністікті тереңдетудің ең тиімді тетігі екендігін ерекше атап өттік», деген Өзбекстан СІМ басшысы телеграм арнасындағы жазбасында.