Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Ауғанстан Хайратон-Мазари Шариф темір жолын пайдалану туралы жаңа келісімге қол қойды
10:42 / 2023-02-13

«Согдиана Транс» компаниясы мен «Ауғанстан темір жолы» әкімшілігі арасында Хайратон-Мазари Шариф темір жолын пайдалану туралы жаңа келісімге қол қойылды.

«Өзбекстан темiр жолы» АҚ мәліметінше, келiсiмге сәйкес «Согдиана транс» осы аумақтағы жұмысын 2 жыл бойы жалғастыратын болады.

Сонымен қатар, тараптар Мазари Шариф станциясына жүктерді жеткізуді жеделдету жөнінде бірлесе келісті және «Ауғанстан теміржолы» департаментінің жергілікті мамандарын дайындауға баса назар аударған.

Хабарда айтылуынша, 10-11 ақпан күндері Ауғанстанға 714 жүк вагоны жеткізілген. Жүктерді жеткізу процесі жалғасуда.