Өзбекстан мен Ауғанстан арасындағы сауда айналымы 3 млрд долларға жетеді
Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов пен Ауғанстан сауда министрі Нуриддин Азизий бастаған делегациялардың кездесуі өтті.
Қызу пікірталас нәтижесінде сауда-экономикалық қатынастардың бүгінгі жағдайын жетілдіріп, екі ел арасындағы сауданың көлемін 3 миллиард долларға жеткізу жоспары қолдау тапты.

Екі жақтың ынтымақтастыққа деген ниеті ауыл шаруашылығы, тоқыма, фармацевтика, азық-түлік және тау-кен өнеркәсібі салаларында өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға бағытталған нақты іс-шаралар талқыланды.
Кездесу барысында ұйымдастырылған B2B келіссөздеріне 60 шақты кәсіпкер қатысты, онда екі елдің іскер адамдары жаңа бірлескен жобалар мен сауда келісімдері жөнінде пікір алмасты. Бұл кездесу екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың артуына зор үлес қоспақ.


Г.Сатторова, ЎзА