Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми делегациясы Ауғанстанға жасаған сапарында су ресурстарын тиімді басқару мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру мақсатында бірнеше маңызды келісімдерге қол жеткізді.
Балх облысының әкімі Қажы Мұхаммед Жүсіп Уафамен өткен кездесуде сауда қатынастарын нығайту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт-импорт тәртібін жеңілдету, өсімдіктер карантині саласындағы серіктестікті дамыту, су ресурстарын тұрақты әрі тиімді пайдалану, сондай-ақ Амудария су бассейін бірлесіп басқару мәселелері кеңінен талқыланды.

Келіссөздер нәтижесінде көрші елдер Ауыл шаруашылығы және Су мен энергетика министрліктерінің өкілдерімен өзара пайдалы шарттармен келісімге қол қойды. Бұл келісім табиғи су көздеріне қатысты ынтымақтастықты күшейтуге, Орталық Азия аймағында экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және трансшекаралық су ресурстарын басқаруда жауапты және тиімді әдістерді енгізуге бағытталған.
Сапардың қорытындысы еліміздің аймақтық бейбітшілік, тұрақты даму және экологиялық қауіпсіздік бағытындағы сыртқы саясатында маңызды қадамдардың бірі болып табылады.