Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен Ауғанстан Президенттері телефон арқылы сөйлесті
15:47 / 2020-08-02

Сұхбат басында мемлекет басшылары бір-бірін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтап, бауырлас халықтарға бейбітшілік пен бақыт тіледі


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 2 тамызда Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Сұхбат басында мемлекет басшылары бір-бірін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтап, бауырлас халықтарға бейбітшілік пен бақыт тіледі.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне тоқталып экономика, энергетика, көлік және коммуникациялар саласындағы тәжірибелік серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылап, аймақтық маңызы бар маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мемлекет басшылары екі елде де коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес және эпидемиологиялық жағдайды бақылау бойынша қабылданған қатаң шараларды қолдайтындығын, пандемияның солды салдарын азайту және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың қарқынын сақтау маңызды екендігі сөз етті.

Сонымен қатар Президенттер Ауғанстанның тұрақты дамуына және аймақтық экономикалық процестерге белсенді қатысуға ықпал ететін басым инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды ілгерілету жөніндегі жұмысты жандандырудың маңыздылығына назар аударып, шекаралас аудандарда заманауи сауда-логистикалық инфрақұрылым құру, «Сурхан-Пули-Хумри» электр жеткізу желісінің құрылысы және Ауғанстанда тиімді көлік дәліздерін құру, соның ішінде халықаралық қаржы институттары мен донор елдердің мүкіндіктерін белсенділігін арттыуға бағытталады.

Өзбекстан мен Ауғанстан басшылары ауған қақтығысын бейбіт жолмен реттеу мәселелерін талқылады және ауғандықтар арасындағы келіссөздерді тезірек бастау жөніндегі әрекеттерді толық қолдады.

Байланыс соңында екі мемлекет басшылары екі елдің және бүкіл Орта Азия аймағының мүдделері үшін жан-жақты серіктестікті одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін тағы да растады.