Өзбекстандық ғалымдар мен АҚШ зерттеушілері ауруға төзімді сорттарды анықтап, оларды шағылыстыру арқылы вилт ауруына төзімді мақта сортын жасады.
Көптеген елдерде, соның ішінде АҚШ пен Өзбекстанда мақта ең маңызды ауылшаруашылық дақылдарының бірі болып табылады. Соңғы жиырма жылда Калифорния мен Өзбекстан егістіктерінде мақтаның вилт ауруына тап болуы, оның салдарынан өсімдіңтің қурап қалуы көптеп кездесуде.
Инновациялық даму министрлігінің мәліметінше, осы мәселені шешу және мақта егетін диқандарға көмектесу мақсатында АҚШ пен Өзбекстан ғалымдары бірлесіп мақтаның саңырауқұлаққа төзімділігін арттыруға бағытталған зерттеулер жүргізіді.
«Өзбекстан мен АҚШ ғалымдары ауруға төзімді сорттарды анықтап, оларды шағылыстыру арқылы вилтке төзімді мақта сортын жасады», - дейді АҚШ Ауыл шаруашылығы департаментінің генетикалық зерттеушісі Маурисио Уллоа.
Зерттеушілер Өзбекстан мен АҚШ-та өсірілген саңырауқұлақтарға төзімді сорттарды шағылыстыру арқылы мақтаның жаңа желі гермплазмасын жасады. Гермплазманы генетикалық ресурс деп те атайды, ол селекционерлерге ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын кеңейтуге көмектеседі.
Үш жаңа желі - PSSJ-FRP01, PSSJ-FRP02 және PSSJ-FRP03 - вилт ауруына төзімділік көрсетті. Олардың әрқайсысының сипаттамалары әртүрлі болғанымен, ауруға төзімділігі және жақсы талшық сапасымен ерекшеленеді.
Бұл жаңа желілер генетикалық ресурс болып, ғалымдар олардан жаңа сорттар алумен айналысуда. Геномика және биоинформатика орталығының ғалымдары қазір осы желілерден алынған жаңа сортты сынақтан өткізуде.