Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік диалогының бірінші отырысы Ташкентте өтеді
Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес Өзбекстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы Стратегиялық әріптестік диалогының бірінші (инаугурация) отырысы Ташкент қаласында өтеді.
СІМ дерегінше, кездесу 2021 жылдың 13 желтоқсанына жоспарланған. Онда Өзбекстан Республикасы делегациясын Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов басқарады. Америка Құрама Штаттарының құрамына Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Дональд Лу басшылық етеді деп күтілуде.