Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мен АҚШ арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық нығаяды
11:13 / 2024-11-20

Өзбекстан мен АҚШ арасындағы сауда және экономикалық байланыстар соңғы жылдары едәуір нығайып, екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестік одан әрі кеңейе түсуде.

Өзбекстан Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің өкілдері Вашингтонда АҚШ-тың ірі компанияларының басшыларымен, соның ішінде «CNH Industrial», «Abbott», «Medtronic», «Cintana», «HP», «Caterpillar», «Coca-Cola», «Sierra Nevada Corporation», «John Deere», «Boeing», «Stirling Foundation», «Cove Capital», «Bridge Capital Group», «Stantec Inc» және тағы басқа жетекші компаниялармен дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

Министрлік мәліметінше, шараға сондай-ақ АҚШ-тың Ақ үйі, Мемлекеттік департаменті, Сауда министрлігі және «CLDP» бағдарламасының ресми тұлғалары қатысты. 

Кездесуде Өзбекстан Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің кеңесшісі Абдулла Хошимов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Мuзaффарбек Мадрахимов және Өзбекстанның Вашингтондағы елшісі Фурқат Сидиков пен Америка тарапының өкілдері сөз сөйледі. 

Айта кететін жайт, АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Марк Помершейм 13 қараша күні Вашингтонда өткен Өзбекстан-АҚШ стратегиялық серіктестік диалогының IV раундының маңыздылығын жоғары бағалады. 

Тараптар жеке сектор өкілдері арасындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту, АҚШ пен Өзбекстан арасындағы сауда және инвестициялық ынтымақтастықты әртараптандыру мақсатында осы форматты кеңейтілген стратегиялық серіктестік диалогына айналдыруға келісім берді.