Өзбекстан мектептеріне 10 мыңға жуық медицина қызметкерлері біріктіріледі
Өзбекстандағы мектептерде жаңа оқу жылының басталуына байланысты 10 мыңға жуық медициналық қызметкерлер білім беру ұйымдарына біріктірілетін болды
Өзбекстандағы мектептерде жаңа оқу жылының басталуына байланысты 10 мыңға жуық медициналық қызметкерлер білім беру ұйымдарына біріктірілетін болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жаңа оқу жылын панедмия жағдайында бастау үлкен дайындықты қажет етеді. Соның негзінде республикадағы 9942 мектепте қызмет етіп жатқан 480 мыңнан астам мұғалім мен 6,2 миллионнан астам оқушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар шаралар қабылданып, көпсалалы орталық емханаға, қалалық және ауылдық отбасылық емханалары, ауылдық медициналық орталықтардағы білім беру мекемелеріне 10 мыңға жуық медициналық қызметкерлер біріктірілгені айтылды.
Медицина қызметкерлері мектепке келген оқушыларды текеру арқылы дене қызуы көтерілген немесе ауруы анықталған оқушылар туралы ақпаратты аудандағы тиісті мекемелердің басшыларына жеткізу процесіне қатысады. Сондай-ақ, карантиндік бақылауда болған үй иелеріне ауру немесе олармен байланыстағы балаларды мектепке отбасылық дәрігердің рұқсатымен жіберу керек екенін түсіндіріп, науқастық белгілері анықталған үйде санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуын қадағалайды.