French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мектептеріндегі білім сапасын бағалайтын үкіметтік емес ұйым құрылады
10:40 / 2020-10-15

«Білім мен дағдыларды бағалау орталығы» үкіметтік емес білім ұйымы құрылады


Үкіметтің 12 қазандағы қаулысына сәйкес жалпы орта білім беру жүйесінде сапаны бағалаудың баламалы түрлерін енгізу үшін «Білім мен дағдыларды бағалау орталығы» үкіметтік емес білім ұйымы құрылады.

Білім сапасын бағалайтын үкіметтік емес ұйымның негізгі бағыты мынадай:
  • Білім беру сапасын бағалаудың халықаралық әдістері негізінде орта мектептердегі білім сапасын бағалаудың заманауи әдістерін жасау;
  • Жалпы орта білім беру жүйесінде оқытылатын білім мен дағдылардың сапасын жүйелі бағалау үшін бақылау материалдарын әзірлеу;
  • Білім сапасын бағалауға арналған бағдарламалық өнімдерді әзірлеу;
  • Өзбекстанның білім беру саласындағы өкілетті мемлекеттік басқару органдары мен үкіметтік емес білім беру ұйымдары және мекемелердің бұйрығы бойынша таңдау, қабылдау және қорытынды емтихандар өткізу;
  • Білім беру ошақтарында педагогикалық қызметті жүргізуге құқық беретін арнайы лицензиялары мен сертификаттарын енгізу.

Атаулы ұйымды құру туралы ұсыныс Білім министрлігі, Жоғары және арнайы орта білім және Әділет министрліктері, Жастар ісі жөніндегі агенттік, Білім сапасын бақылау инспекциясы және Білім сапасын бағалау бойынша жұмыс істейтін халықаралық тәлім ұйымдарының қатысуымен әзірленеді.