Өзбекстан медицинасы тарихында алғашқы күрделі жүрек операциясы сәтті өтті
Ташкент мемлекеттік медицина университетінің Балаларға арналған көпсалалы клиникасында Өзбекстан алғаш рет бірегей күрделі жүрек хирургиясы сәтті орындалды.
«El-yurt umidi» қорының стипендианты, балалар кардиохирургы Бобур Тураев 6 жастағы науқастың зақымданған үш қақпақшалы клапанын алып тастап, оның орнына жүректің оң жүрекшесінің құлақшасынан жасалған жаңа клапан орнатты.

Техникалық жағынан аса күрделі бұл операция бұған дейін Өзбекстанда жасалмаған. Мұндай жоғары деңгейлі ем-шаралар әлемнің ең дамыған медициналық орталықтарында ғана жүзеге асырылатыны белгілі.

Бұл оқиға ұлттық медицинаның үлкен жетістігі ғана емес, сонымен бірге жергілікті мамандардың білімі мен кәсіби шеберлігінің халықаралық стандарттарға сай екенінің көрсетеді.