Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан «Mastercard туризм инновациялық хабына» қосылды
12:28 / 2023-10-20

Самарқандта өтіп жатқан Дүниежүзілік туристік ұйым Бас ассамблеясының 25-ші сессиясы аясында Өзбекстанның Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі мен «Mastercard» жаһандық төлем жүйесінің басшылығы арасында кездесу өтті.

Сұхбат барысында тараптар Өзбекстандағы туризмді дамыту бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы жариялады және министрліктің «Mastercard» туристік инновациялық хабына қосылуын көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті.

Құжатқа министр А.Абдухакимов пен «Mastercard» компаниясының стратегиялық даму жөніндегі атқарушы вице-президенті Никола Вилла қол қойды.

– «Mastercard» компаниясымен мәмілені қабылдау маңызды оқиға, – деді Азиз Абдухакимов. – Бұл келісім төлем инфрақұрылымын жетілдіре отырып, жергілікті және шетелдік қонақтарға қолайлылық жасау үшін озық тәжірибелерді, шығындар мен туристік ағындардың аналитикасын үйренуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ әлемнің 200-ден астам елдері мен аймақтарында «Mastercard» қызметтерін пайдаланатындар арасында Өзбекстанды туристік бағыт ретінде ілгерілету үшін кең перспективалар ашады.

Николя Виля Өзбекстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастық жоспары туралы былай деді:

– Туризм саласын дамыту бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатылуда. Мәдени мұрасы мен көптеген көрікті жерлеге бай бұл әсем елдің әлеуеті зор. Қолданыстағы технологиялық платформа, жетілдірілген төлем шешімі, халықаралық тәжірибе және деректерді талдаудағы кең құзыреттілік сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімізбен Өзбекстанның дамуына үлес қосудан қуаныштымыз.

Айта кету керек, «Mastercard» туристік инновациялық орталығы Өзбекстанның министрліктері, ведомстволары және ұйымдарымен бірлесіп үкімет, отандық және шетелдік туристер, туристік кәсіпорындар үшін бірлескен цифрлық шешімдер әзірлейді. Сондай-ақ саяхатшылар мен шағын бизнес үшін қауіпсіз, сенімді және ыңғайлы төлем инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу, Өзбекстанды туристік бағыт ретінде ілгерілету үрдісін бақылау, стратегияларды әзірлеу үшін аналитикалық ақпаратпен қамтамасыз ету, бірлескен зерттеулер жүргізу және озық әлемдік тәжірибемен алмасу да ынтымақтастық бағыттары қамтылған.

Жетекші әлемдік төлемдер және технологиялық компаниялардың бірі ретінде «Mastercard» қазір төлемдерді цифрландыру арқылы экономикалық өсу мен дамуды ынталандыруға бағытталған 60-тан астам елде 1600-ден астам мемлекеттік жобаларды басқарады.

У.Алимов, ӨзА