Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан мақта өндірісі бойынша әлемде 6-шы орында
17:37 / 2021-03-03

Өзбекстан мақта өндіруші әлемдік үздік елдер қатарында алтыншы орында.

Research and Market сайтында жарияланған мәліметке сай, Үндістан, Қытай, Пәкістан және АҚШ әлемдегі ең ірі мақта өндірушілер болып табылады. Соңғы дерекке қарағанда әлемдегі үздік мақта өндіруші елдер сегіздігіне кіргендер: Үндістан, Қытай, АҚШ, Бразилия, Пәкістан, Өзбекстан, Түркия және басқалар.

Құрама Штаттар мақта өнімдерінің көп бөлігін экспорттайды, себебі онда тоқыма өнеркәсібі салыстырмалы түрде дамымаған. Азия елдері мақта өндірісінде өз үстемдігін сақтай отырып,  мақтаның ірі тұтынушылары қатарына енеген. Соңғы жылдарғы зерттеулерге қарағанда Вьетнам мен Өзбекстан да мақтаның негізгі тұтынушыларына айналған. Жалпы бұл тізімде Қытай, Үндістан, Пәкістан, Бангладеш, Түркия және Вьетнам алғашқы сегіздікке енсе, Өзбекстан сегізінші орында.

Зерттеуге сәйкес дүниежүзілік мақта нарығы 2027 жылға қарай 46,5 млрд долларға жетеді деп күтілуде, 2020 жылдан бастап 2027 жылға дейін жылдық өсу қарқыны 2,74% құрайды.