Өзбекстан мұғалімдер мен медициналық қызметкерлерді тұмауға қарсы емдеу үшін Ресейден 1 млн доза вакцина сатып алады
Өзбекстандағы мұғалімдер мен медициналық қызметкерлерді тұмауға қарсы емдеу үшін Ресейден 1 млн доза вакцина сатып алуға келісім шарт жасалған
Өзбекстандағы мұғалімдер мен медициналық қызметкерлерді тұмауға қарсы емдеу үшін Ресейден 1 млн доза вакцина сатып алуға келісім шарт жасалған.
ӨР Деснаулық сақтау министрлігінің мәліметіне орай, Өзбекстан Президентінің 2020 жылғы 26 тамыздағы «Халықты әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары туралы» қаулысында елдегі барлық мектепке дейінгі білім беру мекемелері, бастауыш, жалпы орта білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлерін орталықтандырылған тәртіпте вакцинациялау көзделген. Қазіргі уақытта оларды емдеу бойынша осы шешімнің орындалуын қамтамасыз ету қажетті жұмыстар атқарылуда.
Хабарда айтылуынша, «Дәрі-Дәрмек» АҚ Ресейдің тұмауға қарсы вакцина өндірушілерімен миллион дозадан астам тұмауға қарсы вакцина сатып алу туралы келісім жасасқан. Соның негізінде қазіргі уақытта Өзбекстанға «Совигрипп» вакцинасының 250 мың дозасы жеткізілген.
Сонымен қатар, 15 қазанға дейін 40 мың доза, 30 қазанға дейін 250 мың доза, қараша айында 500 мың доза «Флю-М» вакцинасы жеткізілуі жоспарланған.