Британдық халықаралық баспагер Өзбекстанның Ұлыбританиядағы туристік брендінің елшісі Софи Ибботсонның мақаласын жариялады.
«Dunyo» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ұлыбританиядағы Dorling Kindersley халықаралық баспасы «go here instead» (мында келгеніңіз жөн) туристік нұсқаулық шығарып, онда Софи Ибботсонның атақты Регистан алаңында орналасқан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Самарқандтың үш символдық діни-сәулет ескерткішінің бірі болып табылатын «Тиллакори» медресесі туралы мақаласы жарыққа шықты.
Автор «Тиллакори» медресесін тарихи мұраны Ватикандағы Әулие Петр соборына балама ретінде сипаттаған. Сонымен бірге, ол «абсолютті сән-салтанатқа келгенде, бұл таңғажайып медресе собордың әлде қайда үздік» деп жазған.
Мақалада XVII ғасырдың ортасында әскери қолбасшы Жалаңтөс Баһадүр салған «Тиллакори» медресесінің тарихы мен ерекшелігі туралы жан-жақты мәліметтер оқырман назарына ұсынылған және неліктен сәулет ескерткіші мұндай атауға ие болды, неге ол барлық саяхатшылардың назарын аударады, оның бірегей дизайны мен басқа да маңызды тарихи мәліметтер толық көрсетілген.