Өзбекстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері қайтыс болды
Өзбекстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Рустам Акрамов 73 жасында дүниеден өтті.
Рустам Акрамов 1948 жылы 11 тамызда Ташкент облысында дүниеге келген. Ол Өзбекстан құрамасын басқарған алғашқы бапкер. 1992-1994 жылдары оның жетекшілігімен Өзбекстан ұлттық құрамасы Орталық Азия чемпионатында және 1994 жылы Хиросимада өткен жазғы Азия ойындарында жеңіске жетті.
Рустам Акрамов Үндістан құрамасын 1995-1997 жылдар аралығында басқарды. Елдегі екі жыл ішінде ұлттық құрамамен бірге балалар футболын дамыту жүйесін қалыптастырды. Кейін АФК мен ФИФА-да нұсқаушы болып жұмыс істеді.
Өзбек футболының дамуына қосқан зор үлесі үшін Р. Акрамовқа мемлекет тарапынан «Шухрат» медалі және «Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген спорт ұстазы» құрметті атағы берілген.