Өзбекстан ұлттық құрамасы FIFA рейтингінде жоғарылады
FIFA ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. Оған сәйкес, Өзбекстан ұлттық құрамасы 1453,31 ұпай жинап, бір сатыға көтеріліп, 54-орынға орналасты.
Азия елдері арасында алтыншы, ал Орталық Азия мемлекеттері ішінде бірінші орында тұр. Айта кетерлігі, Тимур Кападзе жаттықтыратын құрама команда әлемдік рейтингте өзінен жоғары тұрған Қатар құрамасынан небәрі 0,34 ұпайға ғана қалып отыр.
Айта кетейік, FIFA рейтингінде Испания 1875,37 ұпаймен көш бастап тұрса, Франция (1870,92) екінші, Аргентина үшінші орында орналасқан.