Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан ұлттық құрамасы Беларусь футбол құрамасына қарсы достастық кездесу өткізеді
20:30 / 2019-12-07

Кездесу Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтуі жоспарланған.


ФИФА рейтингі бойынша 85 орынға тұрақтаған Өзбекстан ұлттық құрамасы Қатарда өтетін 2022 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі бес кездесуі нәтижесінде өз тобында көш бастап келеді.

УФА-ның хабар беруінше «D» тобындағы жетекшілікті өз қолына алған Өзбекстан құрамасы ӘЧ-ның екінші іріктеу кезеңі аясында 2020 жыл өтетін ойындары алдынан Беларуь футбол құрамасымен достастық кездесу өткізбек. Бұл кездесу Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында 23-ші ақпан күні өтуі жоспарланған.

Вадим Абрамов шәкірттері алдағы іріктеу турниріндегі негізгі үш ойын (Йемен, Сингапур, Сауд Арабиясына қарсы кездесу) алдынан оқу-жаттығу дайындықтарын осылай нықтап алмақ.

Биыл Өзбекстан құрамасы жыл басынан бері бес достастық кездесу өткізіп, олардың үшеуін жеңіспен аяқтаса, бір кездесуде тең түсіп және бірінде жеңілген. 

Түркия – Өзбекстан 2:0
Өзбекстан – Солтүстік Корея 4:0
Өзбекстан – Сирия 2:0
Ирак – Өзбекстан 0:0
Өзбекстан – Қырғызстан 1:3

Еске сала кетсек, Өзбекстан құрамасы 31 наурызда ӘЧ іріктеу кезеңінің келесі кездесуін Йеменге қарсы қонақта ойнайды.