Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Өзбекстан әлемнің 13 еліне 46,8 млн долларлық жүзім экспорттады
20:42 / 2020-09-14

Экспорттың басым бөлігі Қазақстан үлесіне тура келеді


Өзбекстан әлемнің 13 еліне 46,8 млн долларлық жүзім экспорттады. Экспорттың басым бөлігі Қазақстан үлесіне тура келеді.

Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметіне сай, Өзбекстан 1 қыркүйекке дейін әлемнің 13 еліне 51 мың тоннадан астам жүзім экспорттаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,4 мың тоннаған көп. Экспорттың басым бөлігі яғни 22,8 мың тоннасы көрші Қазақстан еліне экспортталған болса, 20,6 мың тоннасы Ресейге, 7,1 мың тоннасы Қырғыз еліне жіберілген.

46,8 млн долларлық экспортталған жүзімнің үлкен үлесі Ферғана (15,3 мың тонна), Ташкент (9,6 мың тонна), Наманган (7,2 мың тонна), Хорезм (3,6 мың тонна) және Қашқадария (3,1 мың тонна) облыстарындағы егіндік алқаптарының үлесіне тура келеді.