Өзбекстан әлемдік парламентаризмнің орталығына айналады
Орталық Азия тарихында тұңғыш рет Ташкент қаласында Парламентаралық Одақтың 150-жылдық мерейтойлық Ассамблеясы өтеді.
2025 жылдың 5–9 сәуірі аралығында ел астанасындағы Конгресс-холл кешенінде ұйымдастырылатын бұл алқалы жиынға әлемнің 180 мемлекеті, 15 бақылаушы ел және 25-тен астам халықаралық және парламентаралық ұйымдардан шамамен 2 мың делегаттың қатысуы күтілуде.
Жиынның басты тақырыбы — «Әлеуметтік даму және әділеттілік үшін парламенттік қозғалысы» болып, онда кедейлікті жою, лайықты еңбек жағдайларын жасау, әлеуметтік инклюзияны қолдау және шешім қабылдау процесіне маргиналданған топтардың қатысуын арттыру сынды мәселелер талқыланады.
Ассамблея соңында Одақтың арнайы резолюциялары мен Ташкент декларациясы қабылданатын болады.