Өзбекстан коронавирус себеп бес елге қатынаушы әуе рейстерін тоқтатты
Өзбекстан СІМ азаматтарды вирус тараған елдерге баруын уақытша тоқтатып тұруын сұраған
Өткен апта соңында Оң.Кореяға ұшақ рейстерін тоқтатып, тек аптасына бір рет қана ондағы өзбекстандықтарды елге алып келу жайлы тоқтамға келген «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы бүгіннен Токио, Рим, Ауғаныстан және Иранға жасаушы рейстерін уақытша тоқтатқанын мәлімдеді.
Мұндай түрде шұғыл шешім қабылдаудың себебі ел аумағына бүгінгі күннің маңызды оқиғасына айланған «COVID-19» коронавирусының ел аумағына келіп жетуінен сақтану мақсатында жасалған. Хабарда айтылуынша, атаулы бағыттарға әуе рейстері коронавирустың тарау қауіпі сейілген кезде қайта қалпына келтірері айтылған.
Өзбекстан СІМ азаматтарды вирус тараған елдерге баруын уақытша тоқтатып тұруын сұрап, шет елдерде болған өзбекстандықтарды қажет жағдайда сол елдегі елшілікке хабарласуын сұраған.